Ян Храмоста: Үшінші іріктеу кезеңінде «Қайраттың» түспегені жақсы болды

Ян Храмоста: Үшінші іріктеу кезеңінде «Қайраттың» түспегені жақсы болды

Чехиялық «Млада Болеслав» шабуылшысы Ян Храмоста Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайратпен» емес, албаниялық «Скендербеумен» кездесуді қалаған.

«Бізге албаниялықтардың түскенін қаладым, мұның екі себебі бар: біріншіден, бұл сапар қысқа болмақ, Қазақстанға ұзақ жүрер едік. Екіншіден, бұл қарсылас оңайлау. Әрине, еурокубокта кіммен ойнағың келетінін таңдай алмайсың ғой», - деді Храмоста.

Естеріңізге сала кетсек, екінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» «Скендербеуге» екі матчтың қорытындысы бойынша 1:3 есебімен жол беріп, жарыстан шығып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или