Евгений Постников: Жеңіс оңай келді дей алмаймын

Евгений Постников: Жеңіс оңай келді дей алмаймын

«Астана» командасының қорғаушысы Евгений Постников Қазақстан Премьер-Лигасы 21-ші туры аясында қостанайлық «Тобылға» (2:0) қарсы өткізген ойын туралы өз ойымен бөлісті.

<span>- Жеңіс оңай келді дей алмаймын. «Тобыл» өте жақсы команда. Біздің командада бірінші таймда гол соғатын көптеген мүмкіндік болды. Алайда, тек біреуін голға айналдыра алдық. Ал екінші таймда барынша нәтиже үшін ойнадық. </span>

-Сіз соңғы ойындарды негізгі құрамда өткізіп жүрген жоқсыз. Бүгін алаңда 90 минут өткізу қиын болған жоқ па? 

<span>- Менің қандай ойын өрнегін көрсеткеніме бірінші кезекте бапкерлер құрамы баға береді. Ал жалпы алғанда аздап шаршағаным рас. Егер алаңда ылғи да ойын өткізіп жүрсем жеңілірек болар еді. </span>

- Команда «Легияға» қарсы кездесуге дайындықты бастады ма? 

<span>- Соңғы күндері біз тек «Тобылмен» болатын кеездесуге дайындалдық. Себебі, «Қайрат» командасы еурокубоктардағы сәтсіздігінен кейін чемпионатқа баса назар аударатыны түсінікті еді. Сондықтан, бізге дәл қазір ұпай жоғалтуға мүлдем болмайды. Біз енді міндетті түрде «Легияға» қарсы дайындығымызды бастаймыз. </span>

-«Тобыл» командасына жалға берілген «Астана» командасының ойыншылары бүгінгі ойында алаңға шыққан жоқ... Бұл жағдай Сізді қуантты ма, әлде керісінше? 

<span>- Олар өте жақсы ойыншылар. Маған оларға қарсы емес, керісінше олармен бір командада ойнаған ұнайды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или