Димитар Димитров: Сен соқпасаң, саған соғады

Димитар Димитров: Сен соқпасаң, саған соғады

Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткен матч жайлы пікірін білдірді. Бұл ойында оның шәкірттері 1:2 есебімен ұтылып қалды.

- Біздің қандай күйде болатымызды білдім. Екі күн бұрын біз Белградта ойнадық. Сапар ауырға соқты, барлығымыз шаршаңқырап қалдық. Дегенмен, бірінші таймды өте керемет бастадық. Гол салдық, бұдан кейін жүз пайыз гол салатын төрт-бес мүмкіндігімізді мүлт жібердік. Стандартты жағдайдан гол өткізіп алдық. Екінші таймда әлсіредік. Біз гол өткізіп алғанда өзімізге деген сенімділікті жоғалта бастаймыз. Сосын Дарабаев бірнеше мүмкіндігін пайдалана алмады. Бұл екінші голдағы тактикалық қателік. Мұнда тек қана біз кінәліміз. Біз бірінші таймда барлық сәтті жүзеге асырғанда есеп 3:0 немесе 4:0 болып, ойын аяқталатын еді. Өздеріңізге мәлім, футболда жазылмаған заң бар, «Сен салмасаң, саған салады».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или