Футболдан ардагерлер лигасының 12-ші тур ойындары өтті

Футболдан ардагерлер лигасының 12-ші тур ойындары өтті

Алматыда «Зоовет» алаңында ардагерлер лигасының 12-ші туры өтті.

40 жастан жоғары ойыншылардың арасында өткен кездесулердің ең тартысты ойын «Арлан» мен «Тенгиз» командалары арасында өтті. Совет одағында өнер көрсетіп, шебер атанған ойыншылар жиналған «Арлан» командасы 3:1 есебімен басым түскенімен «Тенгиз» ойыншылары барын салды. Алайда, чемпиондар өз дегендеріне жетті.

- Ойынға риза емеспін. Ал нәтижеге көңілім толды. Күннің ыстығынан болар, жоқ жерден қателіктер жіберіп, шаршап қалдық. Әрине, жас емеспіз, қиын. Бірақ, дегенімізге жеттік. Біздің лигада осал командалар жоқ. Бәрі де жақсы ойнайды - деп өз ойымен бөлісті «Арлан» командасының капитаны Асхат Қыдырқұлов.

Сонымен қатар, қатысушылардың арасында көп жылдар бойы доп теппеген ойыншылар да болды. Соның бірі, «Тенгиз» командасының қақпашысы Жұмабек Сәрсенбаев.

-Үлкен алаңда доп теппегелі екі жылдан асыпты. Бүгін бірінщі рет шығып, алаңға дұрыс үйрене алмадым. Алдағы уақытта «Тенгиз» командасына көмектесетін боламын. Бүгінгі ойынға қарап жеңісті күндер әлі алда екеніне сенемін, - деді қақпашы.

Осы кездесуден бөлек, 12-ші тур аясында келесі командалар кездескен болатын:

Тенгиз – Арлан – 1:3
Анадолу – Алма-Ата – 2:3
Локомотив – Таймас – 5:1
Легион – Каскелен – 3:1
Номад – Достар - 1:1

Естеріңізге сала кетейік, әр аптанын сенбі күндері ардагерлер арасындағы лига ҚазҰАУ өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или