«Легия» - «Астана» матчының билеттер құны белгілі

«Легия» - «Астана» матчының билеттер құны белгілі

Польшалық «Легияның» ресми сайтында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Астанаға» қарсы қарымта матчына билеттер құны жарияланды.

Матч билеттерінің бағасы «жанкүйер картасы» мен маусымдық абонементтің бар-жоғына байланысты.

Дәлірек айтқанда, төртінші санаттағы билеттің құны қарапайым футболсүйер қауым үшін (жеңілдіктерсіз) 45 злотыйға түседі. Бұл теңгеге шаққанда – 4010 теңге.

Бірінші санаттағы билет 70 злотый, яғни 6 246 теңге тұрады.

Айта кетейік,  «Астана - «Легия» арасындағы бірінші кездесу 26 шілде күні Астанада өтеді, ал қарымта матч Варшавада 2 тамызда болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или