«Гауһар лига»: Усейн Болт алтын медаль алды

«Гауһар лига»: Усейн Болт алтын медаль алды

Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы Усэйн Болт Монакодағы «Гауһар лиганың» 11-кезеңінде 100 м қашықтықта жеңіске жетті.

Ямайкалық желаяқ 9,95 секундта мәре сызығын кесті. Екінші орында америкалық Исайя Янг алса, үздік үштікті Оңтүстік Африка Респуликасының өкілі Акани Симбине еншіледі.

Жеңіл атлетика. «Гауһар лига». 11-ші этап. Монако

Ерлер. 100 м

Усэйн Болт (Ямайка) – 9,95.

Исайя Янг (АҚШ) – 9,98.

Акани Симбине (ОАР) – 10,02.

Айта кетейік, Болт 2017 жылғы әлем чемпионатынан кейін спорттағы мансабын аяқтайтынын айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или