«Астананың» қарсыласы Албанияның шабуылшысымен толықты
«Астананың» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы «Легия» Албания құрамасының шабуылшысы Армандо Садикуды қатарына қосты.
26 жасар шабуылшы соңғы алты жылда Швейцария чемпионатында «Цюрих», «Луган», «Локарн» және «Вадуц» командаларында өткізген болатын.
Албания ұлттық құрамасындағы алғашқы ойынын 2012-жылы өткізген болатын. Содан бері 31 ойынға қатысып он екі гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или