Рохер Каньяс - «Ордабасының» ойыншысы атанды

Рохер Каньяс - «Ордабасының» ойыншысы атанды

Колумбиялық футболшы Рохер Каньяс шымкенттік «Ордабасы» клубымен келісімшарт жасасты.

<span>27-жастағы жартылайқорғаушы Қазақстанда 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Алдымен қарағандылық «Шахтёр» сапында доп тепсе, кейін елордалық «Астанаға» ауысты. </span>

<span>Жалпы, Қазақстан Премьер-Лигасында 142 кездесуге қатысып, 19 мәрте қарсыласының қақпасын дәл көздеген. Сонымен қатар, еурокубота қазақстандық клубтың сапында ең көп ойын өткізген. 42 рет жасыл алаңға шығып, 5 голдың авторы атанған.</span>

<span>Соңғы командасы Кипрдің АПОЭЛ-і болды. Жарты жыл кипрлік клубта жалда ойнап, чемпион атанған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или