«Астана» - «Легия» арасындағы ойын билеттерінің құны белгілі болды
«Астана» футбол клубы мен Президенттік клуб басшылығы Чемпиондар Лигасы үшінші Іріктеу кезеңі аясында өтетін «Астана» және «Легия» арасындағы кездесудің билет құнын көтермеуге шешім қабылдады.
Осылайша, Қазақстан мен Польша чемпиондары арасындағы кездесудің билет құны 500 және 2500 теңге аралығында болады.
Студенттер мен оқушыларға 50% жеңілдік қарастырылған. Ал зейнеткерлерге арнайы жеңілдік бар. Зейнеткер екендігін дәлелдейтін құжатын көрсету арқылы кез-келген адам елордалық команданың ойыннын тегін тамашалай алады. Зейнеткерлерге ыңғайлы болу үшін «Астана Арена» стадионының W1 секторы арнайы бөлінген.
Ал осыған дейін сатып алынған абонементтер Чемпиондар Лигасы үшінші Іріктеу кезеңінің ойынына жарамайды.
Жақын уақытта ticketon.kz сайтында осы матчтың билеттері онлайн сатылымға шығады.
«Астана Арена» спорт кешенінің кассалары 22-ші шілдеден бастап таңғы сағат 10:00 мен 20:00 аралығында жұмыс жасайтын болады.