Аула командалар арасында кезекті футбол лигасы өтпек

Аула командалар арасында кезекті футбол лигасы өтпек

Шілденің 22-і мен 23-і күндері «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында осымен он бірінші футбол лигасы өтеді.
Футбол әуесқойлары «Нархоз» университетінің стадионында бас қосады. Жарысқа сегіз жастан жоғары барлық жеткіншектер бақтарын сынай алады.
Футбол ойындары «Мaxi чай» қолдауымен, ақысыз, олимпиада жүйесіне сәйкес ұйымдастырылады. Қатысушылар екі жастық санатқа бөлінеді – кіші және үлкен. Біріншісі «А» лигасы – 8 жастан 14 жасқа дейін, ал екіншісі, «Б» лигасы – 15 жастан жоғары.
Регламентке сәйкес, әр командада 8 ойыншыдан артық болмау керек, 6 немесе 5 (алаңға байланысты) ойыншы алаңда, қақпашымен қоса.
Айта кетсек, 8-14 жастар аралығындағы ойындар шілденің 22-і күні сағат 09:00 -де өтсе, ал 15 жастан жоғары футболшылар арасында шілденің 23-і күні сағат 09:00 -де басталады. Жарысқа тіркелу, ойын алдында басталады.
Шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастармен өзге жас санатындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды мегаполисте насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және медальдермен мараптталады, сонымен қатар, «Мaxi чай» сусындары табысталады.
«Спорттық Алматы» жобасы мегаполистегі спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.
Мекен-жайы:
Нархоз университетінің футбол алаңы, Жандосова көшесі,55/3.
Уақыты:
«А» лигасы - 22 шілде, сағат 09:00
«Б» лигасы – 23 шілде, сағат 09:00
Қосымша ақпарат төмендегі нөмірлер бойынша:
8 (777) 250 63 63 - Влад Кузнецов
8 (777) 303 23 83 – Ерлан Сартаев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или