«Қайрат» Еуропа лигасынан шығып қалды

«Қайрат» Еуропа лигасынан шығып қалды

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Скендербеу» - «Қайрат» арасындағы қарымта ойында алаң қожайындарының жолы болды.

Апта бұрын Алматыда өткен ойында Албаниядан келген команда сырт алаңда гол соғып келесі кезеңге өту мәселесін жартылай шешіп тастаған болатын. Ал бүгінгі өткен кездесуде олардың басты міндеті «Қайрат» ойыншыларын тұсап ұстай болатын. Бұл тапсырманы «Скендербеу» ойыншылары асыра орындады. Қақпаларын қорғай жүріп қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соққан албаниялық команда Еуропа лигасының үшінші кезеңіне өтті. Ал «Қайратқа»Еуропада атой саламыз деген арманын тағы бір жылға шегере тұруына тура келеді.

Еуропа лигасы

Екінші іріктеу кезеңі

«Скендербеу» - «Қайрат» 2:0

Голдар: Лиляй 50 (1:0), Пляку 83 (2:0)

Ескерту алғандар: Лиляй 28 — Элек 59, Куат 90

Алаңнан қуылды: Лиляй 75 — Арзо 86

«Скендербеу»: Шехи, Мици, Яшаница, Нимага, Османи (Музака 71), Таку (Дита 90), Лятифи, Вангели, Радаш, Аденийи (Пляку 46), Лиляй

«Қайрат»: Покатилов, Ахметов (Иличевич 69), Суюмбаев, Қуат, Исламхан, Исаэл (Анене 78), Гоу, Арсо, Элек, Аршавин, Бато

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или