«Скендербеу» — «Қайрат» кездесуінің тікелей трансляциясы
Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнап жатқан «Скендербеу» мен «Қайрат» командалары арасындағы қарымта кездесуге санаулы сағаттар қалды.
Апта бұрын Алматыда өткен ойында тең есеп тіркеліп, екі команданың да келесі кезеңге өтуге мүмкіндіктері сақтаулы қалған. Әу баста алматылық команда фаворит саналғанымен іс жүзінді мықтылықтарын көрсете алмады.
«Қайрат» қайткен күнде де келесі кезеңге өтуді көздейді. «Скендербеу» алынбайтын қамал емес. Албания елінің жанкүйерлері командасын соңғы секундқа дейін алға жетелейтіні түсінікті. Қалай десек те бүгін бізді екі мықты команда арасындағы тартысты ойын күтіп тұр.
Кездесу Астана уақытымен 00:00 басталады. Ойынды ҚазСпорт арнасы тікелей эфирден көрсететін болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или