«Астананың» қарсыласы «Ювентустың» шабуылшысын қатарына қосты

«Астананың» қарсыласы «Ювентустың» шабуылшысын қатарына қосты

Италиялық форвард Кристиан Паскуато варшавалық «Легия» сапына ауысты. Бұл туралы польшалық клубтың ресми сайты жазды.

28 жастағы форвард 2008 жылы «Ювентустың» ойыншысы атанғанымен, бірнеше маусым бойы италиялық клубтарға жалға беріліп келген еді. Дәлірек айтқанда, «Эмполи», «Триестина», «Модена», «Лечче», «Торино», «Болонья», «Падова», «Пескара» және «Ливорно» сынды итальян клубтарында доп тепті. Ал былтырдан бері ресейлік «Крылья Советов» сапында ойнаған.

Естеріңізге сала кетсек, «Легия» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Астанамен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или