Жас шаңғышылар Талғардағы спорт лагерінде дайындалды

Жас шаңғышылар Талғардағы спорт лагерінде дайындалды

Шаңғы жарысымен айналысатын 60-тан астам бала 10-18 шілде аралығында «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніндегі жазғы спорттық-сауықтыру лагерінде бір апта болып қайтты. Балаларға арнап мәдени ойын-сауық іс-шаралар мен жаттығулардан тұратын тартымды әрі қызықты бағдарлама әзірленді.

10 шілдеден бастап 12-16 жас шамасындағы 60 жас спортшы мен Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларынан 7 жаттықтырушы лагерге келіп жетті. Сегіз күн бойы әсерге толы мәдени бағдарламалар мен жаттығулардан балалардың ертелі-кеш қолдары босамады деуге болады.

Балаларға арналған жазғы лагерьдің ұйымдастырушысы «Қазақстан Республикасы Шаңғы жарысының ұлттық федерациясы» ҚБ балаларға арнап сан түрлі бағдарлама әзірледі. Спортшы балалар бассейнде шомылып, воллейболдан жарысқа қатысты. Нәтижесінде, Ақмола облысының командасы бірінші орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар, олар атпен серуендеп, үстел теннисін ойнап және шаңғы роллерлерінде командалық жарысқа қатысу мүмкіндігін алды. Аталмыш жарыста достық жеңді.

Айта кетсек, аталған лагерь Іле Алатауы жотасының беткейінен 1500 метр биіктіктегі бірегей жерде, Талғар қаласында орын тепкен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или