Алматылық «Қайрат» футбол клубы Албанияға жетті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Команда жергілікті қонақүйлердің біріне орналасты. Кейінірек алматылық ұжым Корча қаласына аттанады. Дәл сол жерде Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Скендербеу» командасымен қарымта ойын өтеді.
Жол жүріп шаршаған команда бүгінгі күнін демалып, қалыптарына келуге жұмсайды, ал ертең ұжым ойын алдындағы жаттығуға кіріседі.
<span> </span>
<span></span>