Бұған дейін, габон футболшысы «Миланға» ауысатыны жайлы ақпарат шыққан. Тіпті, Обамейянг италиялық командаға ауысу үшін жалақысын 13 миллион еуродан 8 миллион еуроға дейін азайтуға келіскен.
Сонымен қатар, «Боруссияның» шабуылшысына «Челси» мен ПСЖ көз тігіп отыр. Англиялық клуб Обамейянг үшін £ 70 млн төлеуге әзір.
Айта кетейік, ағымдағы маусымда Обамеянг Бундеслигада 31 мәрте қарсыласының қақпасын дәл көздеп, үздік сұрмерген атанған. Дортмундтық «Боруссияның» сапында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.