Робертсон мансабын «Ливерпульде» жалғастыруы мүмкін
«Халл Сити» командасының қапталдағы қорғаушысы Эндрю Робертсон мансабын «Ливерпульде» жалғастыруы мүмкін.
23-жастағы футболшы «Ливерпуль» басшылығымен кездесу үшін «Халл Ситидің» Португалиядағы оқу-жаттығу жиынынан уақытынан бұрын кетіп қалды.
Айта кетейік, Робертсонның қазіргі командасымен келісімшартының мерзімі бір жылдан соң аяқталады. Леонид Слуцкий ойыншының тегін кетіп қалмасы үшін ағымдағы маусымда сатып жібермек. Футболшыны қатарына қосу үшін жаңа командасы 9,1 миллион еуроға дейін шығындалады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или