Рыпакова «Гауһар лигасының» кезеңінде жүлделі орынға іліне алмады
Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Рабатта өткен «Гауһар лигасына» қатысты.
Жерлесіміз сегіз спортшы қатысқан жарыста төртінші орынды алды. Риодағы Олимпиада чемпионы колумбиялық Катерине Ибаргуэн үздік атанса, ямайкалық Кимберли Уильямс екінші орынды қанағат тұтты. Ал үздік үштікті грекиялық Параскеви Папахристоу қорытындылады.
Осылайша, жалпы есепте Рыпакова 11 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ольга көш бастап тұрған Ибаргуэннен төрт ұпайға қалып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или