Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы жол апатына түсті

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы жол апатына түсті

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес ауыр халде ауруханада жатыр.

Бұл туралы еліміздің спорт журналисі Айдын Қожахмет хабарлады.

- Вячеслав Эрбес жол апатына түсті. Ертең омыртқасына ота жасайды. Жағдайы ауыр дейді, - деп жазды Айдын өзінің «твиттердегі» парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Вячеслав Эрбес Қазақстан құрамасы сапында жеті ойын өткізген. Көп жылдары бойы өскемендік «Востоктың» намысын қорғаған. Соңғы клубы – «Мақтарал» болатын.

Фото: Sports.kz 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или