Польшалық БАҚ «Астананың» өз алаңындағы сериясына тоқталды

Польшалық БАҚ «Астананың» өз алаңындағы сериясына тоқталды

Interia.pl сайты Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өтуі мүмкін «Легия» мен «Астана» кездесуі жайлы жазды.

«Астана еурокубоктарда өз алаңында қатарынан 12 матч бойы жеңілмей келеді. Соңғы рет олар өз алаңында үш жыл бұрын жеңілген. Ол кезде қазақстандық команда «Вильярреалға» жол берген болатын. Содан бері олар Чемпиондар лигасында да, Еуропа лигасында да өз алаңында жеңілген жоқ. Мұның құпиясы – қиын ауа-райынан бөлек, стадиондары жасанды алаңмен жабылған», - деп жазды сайт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или