Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы матчтары нешеде басталады?

Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы матчтары нешеде басталады?

Келесі аптада қазақстандық үш клуб еурокубоктағы қарымта кездесулерін өткізеді.

Сейсенбіде «Астана» Чемпиондар лигасындағы кезекті матчын өткізеді. Ел чемпионы өз алаңында юрмалалық «Спартакпен» күш сынасады. Кездесу 20:00-де басталады. Латвиядағы алғашқы ойында «Астана» 1:0 есебімен жеңген болатын.

Ал бейсенбіден жұмаға қараған түні Еуропа лигасының матчтары өтеді. Алматылық «Қайрат» сырт алаңда албаниялық «Скендербеумен» кездеседі. Бұл ойын 00:00-де бастау алмақ. Ал сербиялық «Црвена Звезда» пен павлодарлық «Ертіс» арасындағы матч 00:30-да басталады. Айта кетейік, Алматы мен Павлодарда өткен алғашқы ойындарда 1:1 есебі тіркелген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или