Вуядин Савич: Қазақстанда қолайлы нәтижеге қол жеткіздік

Вуядин Савич: Қазақстанда қолайлы нәтижеге қол жеткіздік

«Црвена Звезданың» қорғаушысы Вуядин Савич Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі «Ертіске» қарсы ойын жайлы пікірін айтты.

«Алғашқы матчтың соңғы минуттарында гол жіберіп алғанымыз өкінішті. Біз кездесуді бақылауда ұстап едік, тоқсан минут бойы жақсы ойнадық. Бірақ шағым  айта алмаймыз: қарымта кездесу алдында қолайлы нәтижеге қол жеткіздік. Өз алаңымызда мықты екенімізді дәлелдеп, жанкүйерлеріміздің алдында жеңіске жетеміз», - деді Савич.

«Ертіс» - «Црвена Звезда» арасындағы алғашқы матч Павлодарда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Қарымта кездесу Белградта 20 шілдеде өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или