Алматыда жас джитсерлер өзара мықтыны анықтады
Бүгін «Арлан Грип Аренада» балалар мен жасөспірімдер арасында бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Selection kids ашық халықаралық «Summer Open» турнирі өтті. Аталмыш додада 7-17 жас аралығындағы 130 жасөспірім сынға түсті.

Спорттық шараның басты мақсаты, Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, жүйріктерді анықтау.

Балалар арасында өтетін турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қыздар мен ұлдар қатысты. Жеткіншектер IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелерінде белдесті. Олардың ішінде көптеген жарыстардың жеңімпаздары қарсыласқа дес бермей, бәсекелесті. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы Сингапурда жаттығатын Камиланы да атап өтуге болады. Ол өз салмағында ұлдармен белдесіп, оларды тізе бүктірді.

- Мен Сингапурда тұрамын, демалысты пайдаланып Қазақстанға демалуға келдім. Турнир туралы естіп, бақ сынауға шешім қабылдадым. «Kazakhstan Top Team» атынан өнер көрсетіп, алтынды олжаладым. Қуанышым шексіз. Сондай-ақ, көптеген халықаралық турнирлердің жүлдегерімін. Келешекте ММА-мен шұғылданғым келеді. Ата-анамның қарсылығына қарамастан, бұл спорт түрі өзіме өте ұнайды. Шетелде 5 жыл жаттығып, көптеген әдістерді меңгердім, - деп бөлісті Камила.

Жарыста 14 команданың өкілдері жүлделі орындарды сарапқа салды. Тартысты да қызықты кездесулердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен медальдермен марапатталды. Балалар мен жасөспірімдіер шеберліктерін танытса, әділ төрешілер үздіктерін іріктеді. Бразилиялық джиу-джитсу және грепплингтен Қазақстан федерациясының вице-президенті Ядгар Касымовтың айтуынша, спортшыларға турнирге қатысқандары үшін ұпай беріледі. Соның арқасында жыл соңында жеткіншектердің рейтингі анықталатын болады.

- Менің ойымша, турнир жоғарғы деңгейде өтті. Барлық қатысушылар мықты. Оларға қатысып, бақ сынасқаны үшін алғысымды білдіремін. Балалар мен ересектер арасындағы турнирлер жалғасатын болады. Сонымен қатар, Ақтөбеде «Arlan grip selection» үш күндік турнирі өтеді. Ал жыл соңында оның шешуші кезеңі Азия чемпионатының аясында ұйымдастырылады, - деп атап өтті Ядгар Касымов.