Алматыда мешіттер арасында футбол жарысы өтті

Алматыда мешіттер арасында футбол жарысы өтті

Алматыда «Асыл мұра» бағдарламасы аясында бүгін футболдан Таугүл және Бақыткелді мешіттеріне келуші жамағаттардың арасында жарыс өтті.

Тартысты әрі қызықты кездесулерге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ футбол аланыңа 13 команда жарыс жолына шықты. Оның ішінде 7 команда Бақыткелді мешітінің өкілдері болды. Жарыс қорытындысы бойынша 13 ұпай жинап бірінші орынға табан тіреген «Алма-арасан» командасы алтын медальға ие болса, 9 ұпаймен «Тарлан» күміспен күптелсе, «Шыршақ» футболшылары қоланы қанағат тұтты.

Ал 6 команда шығарған Таугүл мешіт өкілдері арасында «Жұлдыз» командасы бірінші орынға жайғасып қалалық жарысқа жолдама ұтып алды. Екінші орынға «Шардара» командасы қол жеткізсе, үшінші орынға «Талант» ойыншылары жайғасты.

Жеңімпаздар мен жұлдегерлерге грамота және медальдар табысталды. Естеріңізге сала кетейік, Асыл мұра бағдарламасы 7 шілде күні ашылып, Алматы қаласының мешітке келуші жамағаттары арасындағы бұқаралық спортты дамытуға негізделген.

 лдыңғы аптада бастама алған футбол лигасына қалада орналасқан 48 мешіт өкілдері өзара мықтыны анықтап, қалалық турнирде жолығатын болады. Бұл ойындар, әр аптаның сенбі және жексенбі күндері өткізілетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или