«Астана» — «Спартак» кездесуінің төрешілері белгілі болды

«Астана» — «Спартак» кездесуінің төрешілері белгілі болды

«Астана Арена» стадионында өтетін Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» — «Спартак» арасындағы қарымта кездесудің төрешілері белгілі болды.

18-шілдеде өтетін ойында Грекия елінің төрешілері қызмет етіді. Бас қазы —Хараламбос Калогеропулос. <br />Грекиялық маман еурокубок кездесулерінде 2015-жылдан бері қызмет етіп келеді. <br />Оның алғашқы кездесуі Еуропа лигасындағы «Ширак» (Армения) — «Зриньски» (Босния) арасындағы ойын болатын.

Хараламбос Калогеропулостың көмекшілері Трифон Петропулос пен Александрос Гревинис болмақ. Қосымша төреші қызметінде Праксителис Захариадис.

Естеріңізге салсақ, алғашқы кездесуде «Астана» сырт алаңда 0-1 есебімен жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или