700 спортшы Астанадағы каратэ-додан Азия чемпионатына қатысып жатыр
Елордада Каратэ-додан ересектер арасында 14-ші Азия чемпионаты, 21 жасқа дейінгі кадеттер мен жасөспірімдер арасында 16-шы Азия чемпионаты салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшылар, тренерлер мен қонақтарды Чемпионаттың ашылуымен құттықтады. Спорттық шараны ұйымдастыруға мұрындық болған каратэ-додан Азия Федерациясының басшылығына алғысын білдірді. «Барлық спортшыларға сәттілік пен тек жарқын жеңістер тілеймін, ал жанкүйерлерге қызықты көріністер көп болсын дегім келеді»,-деді Мәдениет және спорт министрі.

Өз кезегінде, Каратэ-додан Азия Федерациясының басшылығы Мәдениет және спорт министрлігіне Чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтып, шараның сәтті өтетініне сенімділік білдірді.

Чемпионаттың ашылу салтанатына симфониялық оркестр қатысты. Тағы бір есте қаларлық сәт, ересек және жасөспірім спортшылардың Дүниежүзілік каратэ-до Федерациясы туын татами төріне алып шығуы болды.

Жарыс келесі салмақ дәрежелері бойынша өтеді: кадеттер: ер/қыздар жеке/ката, жасөспірімдер: ер/қыздар жеке, ката, кадеттер ерлер кумитэ: 52 кг, -57 кг,-63 кг,-70 кг,+70 кг., кадеттер қыздар кумитэ: -47 кг, -54 кг, + 54кг., жасөспірімдер ерлер кумитэ: -55 кг, -61 кг, -68 кг, -76 кг,+76 кг., жасөспірімдер әйелдер кумитэ: -48 кг, -53 кг, -59 кг +59 кг.

Спорттық жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткізетін мәдени-спорттық кешенді шаралар бағдарламасына енген.