ГФР Президентіне «Астана» клубының жейдесі табысталды
<br />Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан жасаған ресми сапары барысында Қазақстан Спорт Баспасөз қауымдастығының басшысы Ильяс Омаров елордалық «Астана» футбол клубының жейдесін табыстады.<br />Ильяс Омаров мырза Президент Штайнмайерді Германия ұлттық құрамасының Конфедерация Кубогындағы жеңісімен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақ футболының УЕФА құрамына енген соң, ел футболы мен клубтардың деңгейі өсіп жатқанын айтты. Оған мысал, «Астана» клубының соңғы жылдары Чемпиондар лигасында жоғары нәтижеге жетіп жатқаны, деп атап өтті.<br />Өз кезегінде, неміс президенті сапалы сыйлық жасағаны үшін алғысын білдіріп, Қазақ футболының дамып жатқанын, болашағы бар екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, ол қоғамдық дипломатия факторы ретінде спорттың маңыздылығын айтты.