Алматыда джиу-джитсудан турнир өтеді

Алматыда    джиу-джитсудан турнир өтеді

Алматыда бразилиялық  джиу-джитсудан ашық халықаралық Arlan Grip Selection Kids турнирі  өтеді

Алматыда  шілде айының 15-ікүні «Арлан Грип Аренада» (Ермесай, 3, 53 үй) бразилиялық   джиу-джитсудан балалар арасында ашық  халықаралық  Arlan Grip Selection kids«Summer Open»  турнирінің жалауы желбірейді.

Турнирдің басты мақсаты  елімізде бразилиялық  джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді  анықтау.

Балалар арасында өтетін турнирге қыздар мен ұлдар қатыса алады. Турнир IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері  бойынша өтеді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге  медальдар және дипломдар табысталады.

Салмақты өлшеу рәсімі белдесуінің алдында өткізіледі, ал тіркелген қатысушы салмақ  дәрежесіне   сәйкес келмеген жағдайда – спортшы жарысқа қатысу құқығынан айырылады.

Жарыстың басталуы : 10:00

Өтетін  орын: - «Арлан Грип Арена», Ермесай, 3, 53 үй

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или