Давид Лория: Біздің үшінші кезеңге өтетін мүмкіндігіміз бар
Павлодарлық «Ертістің» қақпашысы Давид Лория Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Црвена Звездаға» қарсы өткен матч (1:1) жайлы пікірін айтты.

— Біз үшін өте маңызды ойын болды. Менің бүгін алаңға шығып өнер көрсетуіме көмек берген дәрігерлерге алғысымды айтамын. Павлодарға мұндай деңгейлі команда әлі келген емес, сондықтан жанкүйерлеріміздің алдында қарабет болып қалмау маңызды еді. Жаңбырлы күнге қарамастан көптеп келген оларға үлкен рахмет. Екі күн бұрын мерекелік көңіл күйде екенімді твиттерде жаздым, себебі, стадионның қасынан өтіп бара жатып, билет алу үшін кезекте тұрған көптеген адамдарды көрдім. Егер жеңіске жететін болсаңыздар, біз чемпионаттағы ойындарға да осылай барамыз деп бір жігіт жазды. Әрине, орынды ескерту, дегенмен, бізді бүгінгідей қолдасаңыздар біз 90 минут бойы қолымызды төмен түсірмей барымызды саламыз. Матч соңында кетіп қалғандардың голды көре алмағандары өкінішті. Павлодар - футбол қаласы, сондықтан бізге жанкүйерлердің қолдауы аса қажет. Басқа команда сапында осында келген кезде, олардың жанкүйерлердің көптігінен 1:0 болып жеңіліп тұратынын нық айта аламын. Сондықтан біз жанкүйерлерімізден қолдау күтеміз, сенеміз, себебі біз жанымызды салып, шын жүректен ойнаймыз. Мүмкін кейде ойлағанымыздай болмай жатады, бірақ, біз бірінші турдан соңғы турға дейін күресеміз - мен оған кепілдік бере аламын. Жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, үшінші кезеңге өтетін мүмкіндіктің сақталып қалуымен барлықтарыңызды құттықтаймын. Егер бұл да қолымыздан келсе, біз өте қуанышты болар едік.