«Ертіс» өз алаңында «Црвена Звездамен» тең түсті. Видео
Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын «Црвена Звезда» командасына қарсы өз алаңында өткізген «Ертіс» тең есепке қол жеткізді.
Кездесудің алғашқы таймында қос команда гол соға алмаған. Ал екінші таймда қонақ команда ойыншысы Боакье пенальтиден есеп ашты. Ойын аяқалуға санаулы секнудтар қалғанда қазақстандық команда есепті теңестіре алды. Мергендік танытқан <span>Живкович болатын. Бір қызығы Живкович та голды пенальтиден соқты. </span>
Еуропа лигасы
Екінші іріктеу кезеңі
«Ертіс» - «Црвена Звезда» 1-1
Голдар: <span>Живкович пенальтиден - </span>Боакье пенальтиден
Ескерту алғандар: Стаменкович 52 — Срнич 16, Стойкович 36, Доналд 73
«Ертіс»: Лория, Кислицын (Шабалин 85), Родриго, Калинин (Дарабаев 77), Даутов, Живкович, Гетериев, Стаменкович, Фонсека, Маслач, Бугаев (Фофана 78)
«Црвена Звезда»: Манойлович, Йовичич, Ле Таллек, Канга (Милияш 63), Боакье (Рачич 90), Доналд, Стойкович, Анджелкович, Срнич, Рикардиньо (Руис 84), Савич<br /><br />