Оргес Шехи: «Қайратпен» матч алдында бізде екі минус бар

Оргес Шехи: «Қайратпен» матч алдында бізде екі минус бар

«Скендербеу» командасының капитаны алдағы «Қайратқа» қарсы матчтан не күтетінін мәлім етті.

- Бәрін менің орныма бас бапкер айтып тастады. Мен тек Еуропа лигасының біз үшін маңызды екенін, өз мақсатымызға жету үшін барымызды салатынымызды ғана айта аламын.

- «Қайратпен» ойнайтыныңызды естігенде қандай әсерде болдыңыз? Себебі қазақстандық командалар албаниялық клубтармен бірінші рет кездескелі тұрған жоқ қой.

- Қарсыласымыз «Қайрат» болатынын естігенде, әрине, бірден клуб туралы ақпарат іздей бастадық. Сондай-ақ, олардың бұрын албаниялық командалармен кездескенін білеміз, сондықтан біз дайынбыз. Бірақ бізде екі минус бар: бұл уақыт белдеуінің айырмашылығы мен біздің чемпионаттың әлі басталмағаны.

- Ертең Алматыда жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа-райының қандай болғанын қалайсыз?

- Біз үшін ауа-райының қандай болатыны маңызды емес. Түркия мен Андоррада климат осындай болған, сондықтан жаңбыр жауа ма әлде бұлтсыз аспан бола ма, маңызды емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или