«Скендербеу» бас бапкері: Исаэль, Исламхан мен Жуковты ерекше атауға болады
«Скендербеу» командасының бас бапкері УЕФА Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің матчы алдындағы баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді:
- Өкінішке қарай, бір күнімізді Түркияда өткізіп алдық. Бірақ «Қайратта» жоғары деңгейде ойын көресете алатын футболшылардың бар екенін білеміз. Біз бұған дайынбыз, себебі бізде де мықты футболшылар бар.
- «Скендербеу» үшін гол соғу маңызды ма, әлде доп жібермеу ме?
- Әрине, біз қорғаныста сақ ойнаймыз, бірақ бұл шабуылдамаймыз дегенді білдірмейді. Сондықтан, соғылған гол – біздің команда үшін жақсы оқиға болмақ, себебі бізде Албаниядағы қарымта ойында басымдық болады.
- Қарсыластан кімді ерекше атап өте аласыз?
- Стамбулда жүргенде «Қайратты» жақсы зерттедік. Исаэльді, команда капитаны Бауыржан Исламхан мен Георгий Жуковты ерекше атап өтуге болады. Біз олардың тактикаларын жақсы зерттедік, енді тек жеңіс үшін ойнаймыз.
- Өз құрамыңыздағы өзгеріс туралы не айта аласыз?
- Бірінші іріктеу кезеңіндегі матчтан кейін біздің командада бірқатар өзгерістер болды. Сол кезде «Сан-Жулиямен» ойнағанбыз. Қазір де дайынбыз.