Кахабер Цхададзе: Вороговский үшін маусым аяқталды
«Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі албаниялық «Скендербеуге» қарсы кездесу туралы айтып берді. <br />
- Жақсы қарсылас түсті. Бұл команда жыл сайын өз елінде чемпиондыққа тартысады және мықты ойыншылардан жасақталған. Ойын тартысты болайын деп тұр. Бірақ біз келесі кезеңге өту үшін бар күшімізді саламыз. Исламхан ертең жасыл алаңға шығады. Акош Элек өз позициясына оралуы мүмкін. «Скендербеу» үнемі шабуылдайтын ұжым. Өз алаңымызда жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.
Бізді алаңдататын жайт - бұл кейбір ойыншылардың жарақаттары. Мәселен, Вороговский үшін маусым аяқталды. Маркович алдағы кездесулерге қатыса алмайды, Жуковтың ойнау-ойнамауы әзірге белгісіз, - деді грузиялық маман.
Естеріңзіге сала кетсек, аталмыш матч ертең Алматының Орталық стадионында, Астана уақытымен 20:45-те басталады. <span> <br /></span>