Алматыда футболдан аула командалары арасында лига ойындары өтуде

Алматыда футболдан аула командалары арасында лига ойындары өтуде

Шілденің 16-ы күні, АУЭС университетінің футбол алаңында,«Спорттық Алматы» жобасы аясында аула командалары арасында оныншы футбол лигасы өтеді.

Жарысқа сегіз жастан жоғары барлық әуесқойлар қатыса алады. Футбол ойындары «Мaxi чай» қолдауымен, ақысыз, олимпиада жүйесіне сәйкес ұйымдастырылады. Қатысушылар екі жастық санатқа бөлінеді – кіші және үлкен. Біріншісі «А» лигасы – 8 жастан 14 жасқадейін, ал екіншісі, «Б» лигасы – 15 жастан жоғары. Регламентке сәйкес, әр командада 8 ойыншыдан артық болмау керек, 6 немесе 5 (алаңға байланысты) ойыншы алаңда, қақпашымен қоса.

Командалар жарыс алдында дәл сол күні тегін тіркеле алады. Айта кетсек, 8-14 жастар аралығындағы ойындар 08:00 -де өтсе, ал 15 жастан жоғары футболшылар арасында кездесулер сағат 13:00 -де басталады.

Шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастармен өзге жас санатындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды алып шаһарда насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медальдермен мараптталады, соныменқатар, «Мaxi чай» сусындары табысталады.

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы мегаполистегі спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.

Өткізілетін орны: АУЭС футбол алаңы, Байтұрсынов көшесі, 126.

Лига «А» - сағ. 08:00

Лига «Б» - сағ. 13:00 Қосымша ақпарат төмендегі нөмірлер бойынша:

8 (777) 250 63 63 - Влад Кузнецов 8 (777) 303 23 83 – Ерлан Сартаев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или