Келесі екі Олимпиада Париж және Лос-Анджелесте өтуі мүмкін

Келесі екі Олимпиада Париж және Лос-Анджелесте өтуі мүмкін

Халықаралық  олимпиада  комитеті  Лозаннада өткен кезектен тыс сессияда 2024 және  2028-жылдары болатын жазғы Олимпиада ойындары өткізілетін қалаларды  бір уақытта  таңдауға шешім қабылдады.

Ұсыныс өткен исполком МОК енгізілген болатын. Осылайша, Олимпиаданың бірі Лос-Анджелесте өтсе, екіншісі  Париж қаласында өткізілетін болды. ХОК атқарушы комитеттің қатысуымен, сондай-ақ, Париждің,  Лос-Анджелестің өтінім комиссиясы және Франция мен АҚШ-тың Ұлттық олимпиада комитеттерінің қатысуымен үш жақты комиссия құру туралы шешім қабылдады. Екі жақ 2024 жылы  өтетін Ойындардың орны бойынша келісімге келсе, онда ХОК-тың 131-сессиясында  Олимпиада-2024 өткізілетін астана таңдалып, ал екінші астана автоматты түрде 2028 жылғы Ойындарды өткізуге құқылы болады. Егер келісімге қол қойылмаса, Лима қаласында (Перу) тек 2024-жылы Олимпиаданыөткізетін қала ғана анықталады.

2024-жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге Рим, Гамбург және Будапешт қалалары да үмітті болған. Алайда олар уақыт өте өтініштерін кері қайтарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или