«Жетісу» футбол Орталығына арнайы жабдықтар табысталды
«Астана» клубының еуропалық турнирлердегі жетістіктері үшін УЕФА-дан Қазақстан футбол Федерациясына балалар және жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған қаржы түсті.
Түскен қаражатқа Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының қолдауымен 20 аталымы бар (жаттығуға және ойынға арналған, мерекелік киім, күздік киім, спорттық аяқ киім, арқа қоржын) спорттық комплект, сонымен қатар доптар және басқада керекті жабдықтар алынған. Олар еліміздің барлық футбол Орталықтарына жіберілді.
Кезек Талдықорған балалар және жасөспірімдер командаларынада келіп жетті. 1999-2007 жылы туылған ойыншылары бар командаларға 180 комплект тапсырылды.
<span>«</span><span>Астана</span><span>»</span> футбол клубының сәтті өнер көрсетуі, сонымен қатар УЕФА және ҚКФЛ Қазақстан балалар және жасөспірімдер футбол дамытудағы қамқорлығы арқасында балалар керекті жарақтармен қамтылған. Бұл еліміздің балалар футболының жаңа шыңдар бағындыруына үлесін тигізеді деген үміттеміз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или