Владимир Мұханов: Жуниньоның агенті оның командада қалмайтынын айтты
«Ақтөбе» бас бапкері Владимир Мухановтың командадан Жуниньоның кететіні жайлы ойын айтып, соңғы трансферлер туралы пікірін білдірді.

- Владимир Васильевич, қайырлы кеш. Әңгімемізді бірден жанкүйерлердің сұрағынан бастасақ. Бәрі Жуниньо туралы білгісі келеді. Ойыншы командада қала ма, әлде кете ме? Егер қалмаса, себебі неде?

- Мен жанкүйерлердің алаңдауларын түсінемін. Жағдай былай. Ойыншының агенті мен Жуниньоның өзі «Ақтөбеде» ойнауға құлықсыз екендіктерін айтты. Команда ол кезде соңғы орында тұрған. Мен дәл қай күні екенін айта алмаймын. Жуниньо бізбен бірге жиында болмады. Сол кезден бастап ойыншының команда ауыстыратыны, басқа командалардан ұсыныс түскендігі жайлы әңгімелер жүре бастады. Маған облыс әкімі команданы қиын-қыстау кезеңнен алып шығып, Қазақстан чемпионатынды жоғары жетістіктерге жетпекке тапсырма қойды, осыған байланысты мен бас бапкер ретінде лезде осы орынға ойыншы іздеу жұмыстарын бастап кеттім. Сөйтіп, біз осы позицияға сапалы ойыншы тауып алдық. Ол Швейцария жоғары лигасында ойнайды. Содан келіп алып, Жуниньо қалам дейді. Ертең басқа нәрсе айтатын болады. Мен бас бапкер ретінде ондайға жол бере алмаймын. Команда екі ойында жеңіске жетіп еді, ол бірден клубта қалғысы келіп кетті. Бізге ең бірінші психологиялық жағынан тұрақты ойыншылар қажет. Бәлкім сондықтан болар, жанкүйерлердің мәселенің астарына үңілмей, түрлі сұрақтар қойып жатқаны. Ал бұл жерде бәрі қарапайым. Ойыншының агенті Жуниньо командада қалмайды деген соң, біз қорғанысқа басқа сапалы футболшы тауып алдық. Басқа ойыншының кандидатурасы бекітіліп қойылған, ол ертең келеді. Жуниньоға келсек, менің оған деген артар кінәм жоқ, тек Мәскеудегі жиынға қатыспады. Жасап жатқан жұмысына шағымымым жоқ. бірақ ол қорғаныста тактикалық, позициялық қателіктерді көп жасайды. «Ертіспен» өткен ойынды еске алудың өзі жеткілікті немесе «Атыраумен» болған ойынды алайық. Қарағандыдағы ойында да біздің қақпамызға есептелмеген гол да соның тактикалық қателігі себепті соғылды. Ол шабуылда бізге жақсы көмектеседі, бірақ біз қорғаныста сенімді ойыншы ойнағанын қалаймыз.

- Слободан Симович жайлы сұрап өтсем. Сіз оған біршама уақыт беретіндігіңізді айтқан едіңіз. Ол командада қала ма?

-Бұл жерде жағдай сәл күрделілеу. Мен ол ойыншыға қатысты нақты ештеңе айтқан жоқпын. Ол жоғары деңгейлі ойыншы. Бірақ, кез-келген адамның басына келетін жағдай оны да айналып өтпеді. Ол бір жарым жыл бойы үзіліссіз ойнады. Словакия және Израиль чемпионаттарында ойнады. Содан соң футболшы демалуы керек еді, ал ол бірден отбасын құрды. Осының бәрі ойыншыға кері әсер еткен болуы керек. Ол Мәскеуге жиын аяқталып қалған кезде келді. Ол жаттығуға ден қойып жұмыс жасай бастады. Біз оның сондай жұмысына қуаныш білдірдік. Ал біз Ақтөбеге келгенімізде осының бәрі жиналып, ол бірнеше күн қиналып қалды. Біз барлық тексерістен өткіздік. Ағзалары дұрыс жұмыс жасап тұр. Жүрек қан тамырлары да орнында. Оған қазіргі уақытта психологиялық күйзелістен арылу үшін шамалы уақыт қажет. Тағы да қайталап айтамын, бұл тек футболшы ғана емес, кез-келген адамның басына келуі мүмкін. Сол себепті, біз тәуекелге барғымыз келмей, Симовичке сенім артып, сақтық ретінде тоғызыншы легионерді қатарға қосып жатырмыз. Жақсы ойыншы. Аты-жөнін ол командаға келген соң барып айтамыз. Бұл ойыншы қорғаныстың кез-келген позициясында және тірек аймақта да ойнай алады. Жағдай қиын болған соң, бір легионердің орнын жоғалтып алмау үшін біз осындай қадамға барып отырмыз.

- Тоғызыншы легионер алу – бұл мәжбүрліктен туындап жатқан нәрсе ме?

-Иә, өкінішке орай, дәл осындай жағдайда біз тоғыз легионер алуға мәжбүрміз. Біз өзіміздің әлсіз тұсымызды жабу үшін осындай қадамға барудамыз.

- Владимир Васильевич, сұрақты төтесінен қойғаным үшін кешірім сұраймын. Команданың трансферлік саясаты толықтай сіздің бақылауыңызда ма? Сізге қандай да бір қысым жоқ па?

- Мен жанкүйерлерді тыныштандырып қояйын. Мен тағы да қайталап айтамын, маған әкім қиын тапсырма жүктеді – команданы құрдымнан алып шығуым керек. Бұны бір деп қойыңыз. Екіншіден, сөзсіз, біз келесі жылы жоғары орындарға талас жүргізуіміз қажет. Кадрлық жұмыс толықтай менің қарамағымда. Алынып жатқан ойыншыларды мен өзім жеке қарадым, іріктедім, сосын командаға шақырдым. Бас директор тек мен ұсынған ойыншымен жұмыс жасайды.

-Яғни, бапкерлік штабқа ешқандай қысым жоқ қой?

- Өзің жайлы айту ыңғайсыз, бірақ мен Қазақстанда біраз жылдардан бері еңбек етіп келе жатырмын және мен кез-келген бағытта, кез-келген сферада ешкімнің қысымына берілген жан емеспін. Менің өз пікірім бар, мен оны әр кезде, әрқашан ұстанамын.

- Жақын күндері «Тараз» командасымен ойнаймыз. Ол матчтан қандай нәтиже күтуге болады? «Тараз» Атырауда жақсы ойнады, үш гол соқты. Бірақ, «Ақтөбе» тек жеңу керек?

- Сөзсіз, «Ақтөбе» де, «Тараз» да жеңіс үшін ойнайтын болады. Ойын 15 шілде күні өтеді. Қиын ойын болады. Біз теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да дайын болуымыз керек. Нәтижені ешкім дөп басып айта алмайды, бірақ біз сақадай-саймыз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі.