«Тобыл» Керекуден олжалы қайтты

«Тобыл» Керекуден олжалы қайтты

Футболдан Қазақстан біріншілігінің 19-турындағы соңғы ойын «Ертіс» пен «Тобыл» арасында өтті.

Үшінші орын үшін талас жүргізіп жатқан қос команда арасындағы ойынның тағдырын автогол шешті.

Ойынның 85-минутында Лулакудың баспен бағыттаған соққысын «Ертіс» қорғаушысы Форнсеко алысқа теуіп жіберемін деп өз қақпасына кіргізіп алды.

Қақпаларына гол жіберіп алған керекуліктер ойын соңына дейін бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастыра алғанымен есепті теңістіре алмады.

Қазақстан премьер-лигасы

19-тур

«Ертіс» - «Тобыл» 0-1

Гол: Фонсека өз қақпасына

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или