Футболдан Қазақстан біріншілігінің 19-турындағы соңғы ойын «Ертіс» пен «Тобыл» арасында өтеді.
Қостанайлық клубтың турнирлік кестедегі жағдайы мәз емес. Бүгінгі қарсыластарымен салыстырғанда бір ойын артық өткізгеніне қарамастан алты ұпай кем жинаған.
Ал «Ертістің» тасы бүгінде өрге домалап тұр. Еуропа лигасының алғашқы кезеңін сәтті бастаған павлодарлық клуб ішкі біріншілікте де турнирлік кестеде жоғарлай түсуді көздейді.
«Ертіс» - «Тобыл» (20:00. Павлодар)