МЮ-дің шабуылшысы тұтқындалды
«Манчестер Юнайтед» пен Бельгия құрамсының шабуылшысы Ромелу Лукаку тұтқындалды.
АҚШ-тың Беверли-Хиллз қаласында танымал футболшы шулы той өткізіп, қөршілер мен полицейлердің наразылығын тударған. Бұл жағдай жайлы TMZ басылымы хабарлады.
Порталдың хабарлауынша, полиция қызметкерлері Лукакудың үйіне келіп, мерекелерін тыныш өткізуді талап еткен. Алайда танымал футболшы заң қызметкерлерінің сөзіне құлақ аспай, бағынудан бас тартқан. Нәтижесінде, Ромелу Лукаку құрықталды. Айта кететін жайт, бұл қылығы үшін спортшының қандай айыппұлмен құтылғаны белгісіз.
Естеріңізге салайық, бүгін «қызыл сойқандар» бельгиялық шабуылшымен келісімге келіп, ресми түрде ойыншысы атанғанын мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или