«Ертіс» ПСЖ-ның түлегінен бас тартты

«Ертіс» ПСЖ-ның түлегінен бас тартты

Павлодарлық «Ертіс» пен франциялық футболшы Франк Джа Джедже келісім-шартты бұзды.

31 жастағы ойыншы «Ертіске» маусымның басында келген болатын, алайда павлодарлық клубта негізгі құрамға шыға алмады.

Джа Джеде ҚПЛ-да 15 матчқа қатысып, екі голдың авторы атанды. Айта кетейік, Франк Джа Джедже – париждік ПСЖ клубының түлегі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или