Алматыда имамдарға арналған «Асыл мұра» спорттық бағдарламасы іске қосылды

Алматыда имамдарға арналған «Асыл мұра» спорттық бағдарламасы іске қосылды

Бүгін Астана күніне арналған «Нұр-Мубарак» ислам мәдениті университетінде, "Асыл мұра" бағдарламасының аясында мешіт қызметкерлері арасында «Ел жүрегі – Астана!» атты бұқаралық мәдени және спорттық шаралар өтті.

Аталмыш бағдарламаның салтанатты ашылу рәсімі жұма намазынан кейін басталды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев пен Нұрбек Әуесханұлы сөз алып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін елге танытып, дәріптеу, халқымыздың патриотизмін, бірлік пен ынтымақты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған айтулы шара 1500 қатысушының басын қосты.

Мереке аясында, Алматы қаласының 48 мешіт имамдарының қатысуымен өткен кешенді мәдени-сауықтандыру және спорттық шаралар барлық қатысушыларға мерекелік көңіл-күй мен естен кетпес күн сыйлады.

Сонымен қатар, Алматы тұрғындары мен қонақтары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Атап өтсек, жиналған xалық қазақ күресі, асық ату, гір көтеру, бағанаға шығу, ләңгі тебуден өзара мықтыны анықтады. Сондай-ақ, көрермендер «Алашұлы» тобының орындауындағы ұлттық әндерін, «Домбыра» ансамблінің ұлттық аспаптардағы туындыларын, тілек білдіруші кішкентай бүлдіршіндердің өлеңдерін тыңдап, ләззат алды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мерекелік шара ұйымдастырушыларының атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кетсек, қошқар көтеруден жүйрік атанған Жасұлан Қолтықбаев 35 келілік қошқарды 110 мәрте көтеріп, ал гір көтеруден 16 келілік темірді 38 минутта қатысушының бірі көтеріп, ел ықыласына бөленді.

- Дайындықсыз қошқарды жеңіп алу оңай емес, алайда, жүкші қызметін атқарамын, мен үшін бұл үйреншікті жаттығу десем де болады. Осыншама қатысушының ішінен жүйрік атанамын деп ойламадым. Бірақ, мен одан да көп көтере аламын. Мереке өте ұнады, бұл спорттық шара керемет көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушыларға деген алғысым шексіз, - деп тілек білдірді жеңімпаз Жасұлан.

Сондай-ақ, мереке қонақтары үшін арнайы киіз үйлер, батут қалашығы, ойын алаңдары орнатылды, балаларға арналған түрлі сайыстар өткізілді, тәтті тағамдар мен сусындар таратылды.

Мерекелік шара мен керемет көңіл-күйді бағдарлама ұйымдастырушылары, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен діни басқармасы сыйлады.

Атап өтсек, «Асыл мұра» бірегей бағдарламасы Алматы мешіт қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамытып, дәріптеуге бағытталған.

Еске сала кетсек, ертең «Нархоз» университетінің стадионында Алматы мешіт жұмысшылары арасында футбол лигасы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или