Жалмұқан «Тобылға» ауысты

Жалмұқан «Тобылға» ауысты

«Астананың» жартылай қорғаушысы Дидар Жалмұқан маусымның соңына дейін «Тобылда» ойнайтын болды.

Жалмұқан қостанайлық клубқа жалға берілді. «Ақтөбе» футбол клубының түлегі биылғы маусымда «Астана» сапында 18 матчқа қатысып, 3 гол мен 3 нәтижелі пас авторы атанды.

Сондай-ақ, ол Қазақстан жастар құрамасы сапында ойнады. Дидар жаңа клубында 73-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или