«Қайрат» келесі кезеңге шықты
Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде алматылық<span> </span>«Қайрат»<span> </span>литвалық «Атлантаспен» кездесті.
Кездесу тағыдырын Алматыда шешіп тастаған «Қайрат» қарсыласын тағы да жеңді. Бірінші таймда гол жібергеніне қарамастан Цхададзе шәкірттері тез жиналып, Иличевич пен Гоудың арқасында есепте алға шықты. Алматылық ұжым кездесу барысындакөптеген мүмкіншіліктерін қолданбай, босаңси ойнады. Ал ойын соңына қарай алматылық клубтың бапкері жас ойыншыларды жөн көрді. Соның бірі «Қайрат» академиясының түлегі мен Қазақстан жастар құрамасының капитаны Айбол Әбікен Аршавинді алмастырды. Гоу мен Иличевичтің голыныан кейін Клайпедадағы есеп өзгермеді. Екі ойын нәтижесі бойынша қарсылас қапасына сегіз гол соққан «Қайрат» келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кететін жайт, «Қайраттың» екінші кезеңдегі қарысласы «Скендербеу» - «Сан-Хулиа» кездесуінде анықталмақ.
Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі. Клайпеда қаласы.
«Атлантас» - «Қайрат» 1: 2 (1:2)
Голдар: Чиофу - Иличевич, Гоу