Футбол

«Ордабасының» Еуропа лигасындағы жорығы бірінші кезеңнен аяқталды

«Ордабасының» Еуропа лигасындағы жорығы бірінші кезеңнен аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде шымкенттік «Ордабасы» мен босниялық «Широки Бриег» командасы кім мықтыны анықтады.

Бірінші ойында командалар тартысты ойын көрсеткенімен, қарымта кездесуде қос ұжымның қарқыны байқалмады. Алғашқы жартылықта шымкенттік команда гол соғуға тырысты. Қарсылас команда сауатты қорғанып, қазақстандық клубтың шабуылдарына тосқауыл қойды. Тіпті қарымта шабуылдардың бірінде қонақтардың есепті ашуға мүмкіншілігі де болды. Алайда бірінші таймда ойындағы есеп ашылмады.

Екінші таймда Петрушин шәкірттері ойынды қолға алып, шабуылдарын үдейтті. Кездесудің 49 минутында керемет комбинациядан кейін Виталий Ли қауіпті соққы жасады. Ал 54 минутта сол Виталий Ли тағы бір мүмкіншілікті мүлт жіберді. Ойын соңына қарай ойын қызи түсті. Қос қарсылас бір-бірін аямай, дөрекі ойнады. Нәтижесінде, Самат Смақов жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болса, Еркебұлан Тұңғышбаев босниялық футболшының аяғынан қасақана теуіп, сары қағаз иеленді. Алма кезек шабуылдардың бірінде қонақтар Алмат Бекбаев қорғаған қақпаға қауіпті соққы жасады, алайда «Ордабасының» қорғаушысы Темірлан Ерланов бос қақпадан допты алып шықты. Бірінші ойында 0:2 есебімен жеңілген шымкенттік команда осы жолы да қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Өкінішке қарай, «Ордабасы» клубы Еуропа лигасындағы жорығын бірінші іріктеу кезеңінен аяқтады.

Алматы қаласы. «Орталық» стадион. Еуропа лигасының іріктеу кезеңі

«Орадабасы» - «Широки Бриег» 0:0 (0:0)

«Ордабасы»: Алмат Бекбаев (В), Самат Смаков, Виталий Ли, Кирилл Ковальчук, Азат Нұрғалиев (К), Пабло Фонтанельо, Мардан Төлебек, Еркебұлан Тұңғышбаев, Абдулайе Диакате, Никита Бочаров, Александар Симчевич.

«Широки Бриег»: Лука Билобрк (В), Йосип Баришич (К), Дино Чорич, Деян Чабрая, Лука Менало, Йосип Чорич, Стьепан Лончар, Лука Бегонья, Славко Бралич, Иван Крстанович, Стипо Маркович.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер