Германия құрамасының ойыншысы «Астанаға» ауысуы мүмкін
«Гамбургтің» жартылай қорғаушысы Аарон Хант «Астанаға» ауысуы мүмкін. Бұл туралы германиялық Bild хабарлады.
30 жастағы хавбекті түркиялық «Антальяспор» да сатып алғысы келіп отыр. бұған дейін Германия ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысын «Краснодар» қатарында көргісі келген еді.
Хант мансабының басым бөлігін «Вердерде» өткізді. Ол бремендік клубта 2003-2014 жылдары өнер көрсетті. Кейін «Вольфсбург» пен «Гамбургтің» жейдесін киді.
Аарон былтырғы маусымда 26 матч өткізіп, 4 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или