Душан Анджелкович: «Ертіспен» емес, «Дунавпен» кездескіміз келеді

Душан Анджелкович: «Ертіспен» емес, «Дунавпен» кездескіміз келеді

«Црвена Звезданың» капитаны Душан Анджелкович Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде кіммен кездескісі келетінін айтты.

«Бар ойымыз өз матчымызда. Бірақ, әрине, жеребе нәтижесі мен «Ертіс» - «Дунав» матчы туралы сөйлестік.

Болгарлар бізге жақындау, сондықтан «Дунавтың» түскені жақсы. Болгарлар мен қазақстандықтардың күші бірдей деп ойлаймын», - деді Анджелкович.

Естеріңізге сала кетсек, «Ертіс» пен «Дунав» арасындағы қарымта кездесу 6 маусымда Руседе өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 23:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или