Аула командалара арасында Астана күніне арналған футбол лигасы өтеді
Шілденің 9-ы күні, Астана күніне арналған «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында аула командалары арасында футбол лигасы өтеді.
Футбол әуесқойлары Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің футбол алаңында бас қосады. Жарысқа сегіз жастан жоғары барлық қалаушылар бақтарын сынайалады.
Футбол ойындары «Мaxi чай» қолдауымен, ақысыз, олимпиада жүйесіне сәйкес ұйымдастырылады. Қатысушылар екі жастық санатқа бөлінеді – кіші және үлкен. Біріншісі «А» лигасы – 8 жастан 14 жасқа дейін, ал екіншісі, «Б» лигасы – 15 жастан жоғары. Регламентке сәйкес, әр командада 8 ойыншыдан артық болмау керек, 6 немесе 5 (алаңға байланысты) ойыншы алаңда, қақпашымен қоса.
Айта кетсек, 8-14 жастар аралығындағы ойындар 08:00 -де өтсе, ал 15 жастан жоғары футболшылар арасында сағат 13:00 -де басталады.
Шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастармен өзге жас санатындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды мегаполисте насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердипломдар мен медальдермен мараптталады, соныменқатар, «Мaxi чай» сусындары табысталады.
«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы мегаполистегі спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.
Мекен-жайы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің футбол алаңы, Әл-Фараби даңғылы, 71/20
Уақыты:
«А» лигасы - сағат 08:00
«Б» лигасы - сағат 13:00
Қосымша ақпарат төмендегі нөмірлер бойынша: 8 (777) 250 63 63 - Влад Кузнецов
