Жастар ойынының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті
<span style="font-size: 11px;">Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері алып шаһар спортшыларының еңбегін елеусіз қалдырмады.</span>
Шілденің 2-сі күні, Ақтөбе қаласында теннистен төртінші жастар ойындары өз мәресіне жетті. Айтулы дода 2000-2002 жылдар аралығында туылған жеткіншектер арасында өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есеп бойынша 1194 ұпаймен Алматы құрамасы алтынан алқа тақса, 1146 ұпаймен Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары күміспен күптелді.
Осыған орай, бүгін «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» конференц-залында спорттық ұйымдар басшыларының жиналысы өтті. Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері барлығын құттықтап, жарыс нәтижелері бойынша қорытындылады.
Сонымен қатар, бүгін, жиналыс қатысушылары жоспарларымен бөлісіп, айтар ұсыныстарын атап өтті. Одан кейін Алматы құрамасы кубокпен және дипломмен марапатталды.