Тимур Құлыбаев Дмитрий Баландинді жеңісімен құттықтады
Қазақстанның су спорт түрлері Федерациясының президенті Тимур Құлыбаев қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландинді Болгария ашық чемпионатындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы халықаралық жарысында Дмитрий Баландин брасс әдісімен 100 және 200 метрге жүзу сайысында ешкімге дес бермей, чемпион атанды.

"Құрметті Дмитрий,

Қазақстан Республикасы су спорты түрлері Федерациясынан және жеке өз атымнан Сізді Болгария ашық чемпионатында көрсеткен нәтижеңізбен құттықтаймын.

Алдағы Будапешт қаласында өтетін FINA Әлем чемпионатында сәттілік тілеймін. Сіздің халықаралық жарыстардағы жетістіктеріңізге әлі талай рет қуанамыз деп үміттенеміз», - делінген спортшыға арналған құттықтау хатында.

Сонымен қатар, Федерация президенті жүзу спортынан Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы Олег Вагизов пен Дмитрий Баландиннің жеке бапкері Алексей Казаковтың еңбектерін атап өтіп, спортшыларды дайындығы үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, су спортынан FINA Әлем чемпионаты маусымның 14 мен 30 аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтеді.